Өскемендегі автобустардың техникалық және санитарлық жағдайы тексерілді

08:39, 21 қаңтар 2017

Халық шағымын назарға алған қалалық қоғамдық кеңес өкілдері автобустардың техникалық және санитарлық жағдайын тексерді. 

Нәтижесінде жүргізушілер мен кондукторларда халықпен байланыс мәдениеті қалыптаспағаны анықталды. Енді мамандар қоғамдық рейдті жиілетпекші. Себебі былтыр болған 2 мыңға жуық тәртіп бұзушылық ретке келтірілмеген. 

Қоғамдық көліктерде аялдама хабарланбайды, тіпті арнайы кесте де жоқ. Облыс орталығында ақпан айынан бастап жолақы 90 теңгеге көтеріледі. 

Демек, тиісінше қызмет сапасы да артуы тиіс. Берілген уәденің орындалуын қоғамдық кеңес өкілдері жіті назарда ұстамақ. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!