Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті
© Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО-дағы кеңселердің бірінен 94 млн теңге ақша ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО ПД-не 2024 жылдың 5 сәуірінде ұрлық фактісі бойынша арыз түскен.
"Жәбірленушілер белгісіз біреулер сейфті бұзып, 94 миллион теңгені жымқырғанын хабарлады. Қасқөйлер қылмыс орнынан кету жолын алдын ала дайындаған, олар өзенге жеткен соң үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына жүзіп өткен. Осылайша олар "іздерін жасырғылары" келген, бірақ олардың ойлары іске аспады." ШҚО ПД баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Бірнеше күннен кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстаған.
"Олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар – қайық пен ұрланған қаражат тәркіленді.",-делінген ведомства ақпаратында.
Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 2 мамыр 2024
14 жастағы бала мектеп дәретханасында жан тапсырды: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
-
22:15, 2 мамыр 2024
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада тағы да апат болды
-
22:15, 2 мамыр 2024
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада түтін шықты: 187 кенші шұғыл эвакуацияланды
-
21:42, 2 мамыр 2024
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот та тікелей эфирде өтіп жатыр
-
21:05, 2 мамыр 2024
85 жастағы әжей білегін сындырып, бір күн бойы пәтерінен шыға алмай қалған