Өскеменде рульдегі бала жолдағы баланы қағып кетті

11:33, 25 маусым 2018

Облыс орталығының сол жақ жағалауында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім рөлге отырып, жол апатына ұрынды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен қаласы ІІБ баспасөз хатшысы Асел Әміренова: «Кеше 16.30 шамасында 2002 жылы туылған жеткіншек «Киа Рио» автокөлігімен Сәтпаев бойындағы тұрақта көлікті тізгіндей алмай, тротуарда жүрген 2015 жылы туылған баланы қағып кеткен» — деп мәлімдеді.

Жол апатының салдарынан зардап шегуші әр түрлі дене жарақаттарын алып, «Ана мен бала» орталығына жатқызылды. Қазір орын алған оқиғаға байланысты полиция ҚР ҚК 345 бабы, 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ынтымақ Толқын


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!