Өскеменде мұғалім директордың қысымына шыдамай көз жұмды
© Сурет: видеодан кадр
Өскемендік ұстаз директордың қысымынан кейін, комаға түсіп, оянбаған. Білім ошағы басшысының әрекетін бүгінде құзырлы орган тексеруде, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Өскемендегі №5 мектеп бір аптадан бері құзырлы органнның назарында. Білім ошағында бір жыл бойы еңбек еткен мұғалімнің өлімі білім басқарамасын аяғынан тік тұрғызды. 38 жастағы Әсем Нұралиева бұған дейін мектептегі бірқатар былықтар жайлы құзырлы органдарға шағымданыпты. Артынша өзі комаға түсіп, сол күйі оянбаған. Марқұмның әріптестері, оған мектеп әкімшілігінің қатысы бар деп отыр.
Сәуле Бапинова, бастауыш сынып мұғалімі:
Жүрегім жарылып кете жаздады. Мектеп директоры Әсемді қудалағаны, сентябрьден бастап ұнамай қалды. Басындағы мәселесін білмеймін. Әсемге я тебя уволю деді! Содан бастап Әсемді аңдып, қай уақытта келеді, күнделікті тиісіп жүрді.
Дәрігерлер мұғалімнің нақты қандай дертке шалдыққанын дөп басып айта алмады, дейді марқұмның туысы. Ол аурухана түскен бойда, компьютерлік томографиядан өткізіп, ПТР тест тапсырыпты. Нәтижесі теріс шыққан. Тек соңында "менингит" деген қорытынды шығарыпты.
Ғафура Барабаева, марқұмның әпкесі:
Дәрігер Әсем аурухана түскенде, айтты біз КТ өткіздік, ПТР таза деді. Жұлыннан анализ алдық, минигнтке дедй, таза шықты. Бірақ та білмейміз деді. Осныдай директормен келіспеушілік болып, әрбір құзырлы огандарға жазып, больничныйға шыға алмады, збивать етіп бара береді, содан отек мозга деп қойды. Температура қатты стресс алды деді.
Сәуірдің басында білім сапасын қадағалау департаменті мектепке жоспарсыз тексеріс жүргізген. Анықталғандай, марқұм Әсем Нұрғаалиеваның арыз -шағымында келтірліген фактілер расталған. Солардың бірі - мұғалім міндетінен тыс қара жұмысқа жегіліпті.
Жұмабек Қамбетов, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары:
Барлық фактілер расталды. Атап айтсақ, бұл бала жұмысқа тұрғанда ағымдағы жұмыстар жүрген, ауласын тазалауға тартылған. Аттестация өтуге қарсылық көрсеткен. Ол да расталды. Сайлау жұмыстарына тартылған, ол да расталды. Алты іс қозғалды.
Білім басқармасы мектеп мұғаліміне қатаң сөгіс жариялапты, қызметінен босатқан. Қазір мектепте тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сәуле Алагузова, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Бесінші мектептің екі педогогы арыз тсүірген. Ол жайында 14 күні ресми түрде білім басқрмасына түсті. Жұмыс тобының нәтижелері бойынша қорытынды шығарамыз. Бұл жайында мұғалімнің өліміне қатысты директор ескертіп айтты, одан кейін отбасына өлім бойынша қортындысы түскен минингит деп. Бұл жайында байланыс бар жоқ деп айта алмаймыз!
Мұғалім келіншектің мектеп жасына жетпеген екі баласы жетім қалды. Әзірге оның өліміне нақты кім кінәлі екені белгісіз. Десе де марқұмның туыстары оны күйзеліске түсіргендердің бәрі өз жасазын алып, әділдік орнаса деп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:46, 21 қараша 2024
Сәтсіз алдау: ШҚО тұрғыны жалған айыптау үшін сотталды
-
16:37, 21 қараша 2024
ҰЭМ басшысы коммуналдық қызметтерге тарифтер туралы: біркелкі өсім болады
-
16:25, 21 қараша 2024
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз құрылады
-
16:17, 21 қараша 2024
Мәжілісте қаңғыбас иттермен күрес мәселесі пікірталас тудырды
-
16:08, 21 қараша 2024
Түскі саудада доллар бағамы одан әрі құлдырады