Өскеменде латын қарпінде жазудан жарыс өтеді

10:49, 15 наурыз 2018

Наурыз мерекесі күні Өскеменде латын қарпінде жазудан жарыс өтеді. Бас жүлде - қазақтың қара домбырасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 наурыз күні Өскемен қаласында «Латын графикасы - өркениет жазуы» атты акция өтпек. Оны облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық драма театры ұйымдастырып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін шараның мақсаты - латын графикасындағы жаңа әліпбидің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тұрғындардың жаңа әліпбиге қызығушылығын арттыру. Акцияда жаңа әліпби негізінде жазу дағдысын қалыптастыруға арналған бірнеше кезеңнен тұратын ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде - қазақтың қара домбырасы», - дейді шараны ұйымдастырушы актер Едіге Ақылбеков.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!