Өскеменде ер адам өзгенің техникалық қызмет көрсету орталығы аумағында тұрған көлігін айдап кеткен
© Фото: zakon.kz
Өскеменде полиция өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғынынан бейтаныс ер адамның техникалық қызмет көрсету орталығы аумағында тұрған Lexus автокөлігін заңсыз айдап әкеткені туралы арыз түскен. Келтірілген шығын көлемі – 7 млн 500 мың теңге.
Шығыс Қазақстан облысы ПД Жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары мен патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел іс-қимылының нәтижесінде, бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің ізін суытпай қолға түсірді. Ол – 31 жастағы техникалық қызмет көрсету орталығының механигі болып шықты. Сондай-ақ оның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Аталған факті "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтап, автокөліктерін тек күзетілетін тұрақтарда немесе сенімді орындарда қалдыру керек екені туралы ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:47, 15 шілде 2026
Алматыдағы LRT құрылысы кезінде асфальт астынан тарихи трамвай рельстері табылды
-
12:37, 15 шілде 2026
Қазақстандықтарға тіркелген мекенжайы туралы мәліметті қайдан көруге болатыны еске салынды
-
12:21, 15 шілде 2026
Патрульдік-пост қызметін атқару жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізілді
-
12:18, 15 шілде 2026
Білім гранттарын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді
-
11:53, 15 шілде 2026
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: нөсер жаңбыр мен +46 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі





