Өскемен санитарлары Нұр-Сұлтан мен Алматыдан келген автобустарды тексеріп жатыр

15:54, 19 наурыз 2020

Өскеменге ел астанасы мен Алматы қалаларынан жолаушы автобустары келіп жатыр. Вирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған арнайы штабтың өкілдері жолаушыларды қарсы алып, ыстығын өлшеді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі YK-news сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Нұр-Сұлтаннан үш рейс келді. Тағы да келеді. Ондағы жолаушылардың ыстығы өлшенеді және өздерінен сұрақ-жауап алынады. Бұл іс-шараға қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырамыз. Қоғамдық денсаулықты сақтау – бәрімізге міндет", – деді штабтың өкілдері.

Олардың айтуларынша, бүгін кешке Алматыдан да бірнеше автобус келіп жетуге тиіс.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!