Өскелең ұрпақты жасық, кінәмшіл, уайымшыл мінезден сақтау қажет – Мемлекет басшысы
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында балалар мен жастарға арналған қоғамдық кеңістіктерді дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа айрықша назар аудару Қазақстан Халық Кеңесінің де міндеті екенін айтты. Оның сөзінше, оқушылар мен студенттер сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылданып, жаңа білім игеріп, кітап оқуға ден қоюы керек.
Ол үшін кітапханалар, музейлер, мектептер, достық үйлері мен саябақтар сияқты қолда бар нысандарды тиімді пайдаланып, жаңа қоғамдық орындар ашу қажет. Президент бұл жұмысты ірі қалалармен шектемей, шағын қалаларға, аудан орталықтары мен ауылдарға да тарату керектігін атап өтті.
"Қоғамдық ортаның сапасы адамның тұрғылықты жеріне байланысты болмауға тиіс. Үкіметке әкімдіктермен және тиісті мемлекеттік органдармен бірігіп, осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан Халық Кеңесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін іс жүзінде қолдану мәселесіне назар аударуы керек екенін айтты. Сондай-ақ мәдениет пен креативті индустрия жобаларын ұзақ мерзім қаржыландыру үшін эндаумент қорлар туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажеттігін атап өтті.
"Біз азаматтарымыздың қоғам өміріне жан-жақты атсалысуына барынша жағдай жасауға тиіспіз. Өйткені үлкен өзгерістер кішкене қадамдардан басталады. Ұлт пен адами капиталдың жаңа сапасы дәл осылай қалыптасады", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 24 қыркүйек 2026
92 жастағы зейнеткер велосипедтің көмегімен мүгедектер арбасынан тұрды
-
13:43, 24 қыркүйек 2026
Қызу түсіретін дәрі 20 жастағы жігіттің бірнеше ағзасын істен шығарды
-
13:33, 24 қыркүйек 2026
Алматы облысында ер адам сталкинг үшін сотталды
-
13:21, 24 қыркүйек 2026
Тоқаев: Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадымызды жаңғырту – маңызды міндет
-
13:18, 24 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы жазушыларды қала тақырыбына көбірек шығарма жазуға шақырды





