Өртке кінәлі делінген күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін

12:55, 11 мамыр 2021

© Сурет: ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті 10 мамырда отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігіне сәйкес) сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған баптың санкциясы екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлды немесе екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазаны белгілейді.

-

Күдікті ретінде бұрын сотты болмаған, 35 жастағы Риддер қаласының тұрғыны ұсталды, оның абайсыз әрекеттері осындай ауыр салдарға әкелді,- деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Полиция департаментімен құрылған арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеп, куәлардың жауаптарын мұқият тексеруде, тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Қылмыстық істі тергеу ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!