Орталық Азия елдерінің Ішкі істер министрлері Қырғыз жерінде бас қосты

17:43, 8 қазан 2018

Қырғыз Республикасының Шолпан Ата қаласында Қазақстан, Қырғыз, Тәжікстан және Өзбекстан Республикасының ішкі істер министрлерінің бірінші кеңесі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кеңеске Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бастаған Қазақстан ІІМ делегациясы да қатысты.

Басқосу жеке-жеке тақырыптар бойынша секциялық отырыстар үлгісінде жүргізілді.

«Осындай ауқымдағы кеңесті өткізуге Орталық Азия аумағындағы жаңа қауіп-қатерлер мен сын-қатерлерге қарсы бірлескен шаралар қабылдау және өзара келісілген амалдар ойластыру мақсатында Қырғызстан ІІМ бастамашы болды», делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.

Кеңес барысында ұйымдасқан қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы, экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстармен күрес, шекаралық өңірдегі ішкі істер органдарының өзара байланысы секілді өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары мен болашақтағы бағыттарына қатысты ой-пікірлер ортаға салынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!