Өрт болған элиталық тұрғын үй кешенінің пәтерлері мен қасбеті Астана бюджеті есебінен жөнделе ме

11:43, 24 маусым 2024

© Сурет: Telegram/astana_newss

Астана әкімдігі 2024 жылы 22 маусымда қатты өрт болған Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешеніне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, 23 маусымда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғын үй кешенінің фотосуреттерін жариялап, өрт салдарын жою үшін жұмыс комиссиясының құрылып жатқанын да хабарлаған болатын.


"Қазір мамандар техникалық қорытынды береді, содан кейін біз дереу қасбетті қалпына келтіруге және бұзылған пәтерлерді жөндеуге кірісеміз.Өрттің себебін қалалық төтенше жағдайлар департаменті анықтап жатыр", - деп сендірді елорда басшысы.

Астана әкімдігінің бүгінгі мәлімдемесіне қарағанда, құрылған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

"Бұзылған пәтерлер мен қасбеттерді жөндеу жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүргізілмейді. Комиссия ғимаратты одан әрі пайдалануға қатысты техникалық мәселелерді қарастыруда. Бұл үйде өрт болғанын, бұл төтенше жағдай екенін ескере отырып, қалалық әкімдік ұйымдастыру мәселелері бойынша көмек көрсетуде", - деп атап өтті 24 маусымда елорда әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 22 маусымда сағат 15:00 шамасында Астанада элиталық көпқабатты тұрғын үйде күшті өрт шыққан болатын. Өрт кезінде сегіз адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрт салдарынан ауыр зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 20:00 шамасында сөндірілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!