Оразаны неше жастан бастап ұстауға болады
© Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан жауап берді
Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады. Бұл айда мұсылман қауымы Алла разылығы үшін отыз күн ауыз бекітіп, тамақтан тыйылады.
Рамазан айының қарсаңында оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан арнайы Almaty.tv тілшісіне жауап берді.
Сұрақ: Оразаны неше жастан бастап ұстауға болады? Арнайы жас аралығы бар ма?
Жауап: Балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, жолаушы емес әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. Яғни мұсылман болуы, балиғат жасына толуы, ақыл-есі дұрыс болуы, ораза ұстауға күші жетуі және тұрғылықты жерінде болуы шарт.
Сұрақ: Намаз оқымай тек ораза ұстауға бола ма?
Жауап: Ия, болады. Өйткені намаз өз алдына бөлек парыз құлшылық. Ал ораза бөлек парыз етілген құлшылық болып табылады.
Сұрақ: Ораза кезінде, ауызашармен бірге құдайы тамақ берсе, сауап қалай жиналады?
Жауап: Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі", – деп сүйіншілеген (Тирмизи).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 4 сәуір 2026
Алматыда адамдарға шабуылдаған шетелдік жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты
-
17:53, 4 сәуір 2026
«Жаңбыр жауып, бұршақ түседі». Жексенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 4 сәуір 2026
Ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды
-
16:53, 4 сәуір 2026
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті
-
16:47, 4 сәуір 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамы





