Оралда жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Орал қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері патрульдеу барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін пайдалану дерегін анықтады.
Полицейлер Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, тексеріс жүргізді. Тексеру барысында көлікке қатысты құжаттар мен сәйкестендіру нөмірлері (VIN-код) зерделеніп, нәтижесінде көлікке орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірі басқа автокөлікке тиесілі екені анықталды.
Тексеру кезінде жүргізуші бұл автокөліктің әкесі тарапынан өзінің көлігіне айырбастау нәтижесінде алынғанын түсіндірді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар көліктің шығу тегін және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қосымша тексеру шаралары жүргізілуде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл автокөлік басқа тұлғаға тіркелген көлікпен байланысты болуы мүмкін. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.
Автокөлік сатып алу немесе айырбастау кезінде келесі сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз: көлік құжаттарының түпнұсқалығын міндетті түрде тексеріңіз;
- мемлекеттік нөмір мен VIN-кодтың сәйкестігіне назар аударыңыз;
- автокөліктің тіркеу тарихының заңдылығын нақтылаңыз;
- күмәнді мәмілелерден аулақ болыңыз.
Жалған нөмірлік белгілерді пайдалану немесе күмәнді құжаттары бар көлікті пайдалану заңмен көзделген жауапкершілікке әкеледі. Егер сізге күмәнді автокөлік немесе заңсыз әрекеттер туралы мәлімет белгілі болса, "102" нөміріне хабарлауды сұраймыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 10 сәуір 2026
БҚО-да 55 жоба шеңберінде 487 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген
-
10:38, 10 сәуір 2026
«Таза Қазақстан»: полиция үш мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
-
10:26, 10 сәуір 2026
Шетелге қашып кеткен күдікті елге қайтарылды: 4 млрд теңге жымқыру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр
-
10:11, 10 сәуір 2026
Грантқа түсуге мүмкіндік беретін негізгі ҰБТ: маңызды мәліметтер
-
09:56, 10 сәуір 2026
Ұлттық банк валюталық операцияларға қатысты жаңа ережелерді бекітті





