Оралда тері өңдеу зауыты іске қосылмақ

22:10, 18 тамыз 2017

Батыс Қазақстан облысында биыл индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 7 млрд теңгенің 6 жобасы жүзеге аспақ. Нәтижесінде өңірде 400-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылып, салық түсімдері молаймақшы. Индустрияландыру картасына енген сондай серпінді жобаның бірі – Орал қаласындағы тері өңдеу зауыты. Кәсіпорын қазір тестілік жүйеде жұмысын бастады.

Толық қуатына көшкен кезде тәулігіне 2 мың жарым қой, 750 сиыр терісі өңделеді. Қажетті шикізат тек Орал өңірі емес, көрші облыстардан жиналмақ. Өндіріс орнында теріні өңдеп қана қоймай, аяқ киім тігу де жоспарланған. Қазір құрал-жабдықтары орнатылып жатқан арнайы цехте күніне мың дана аяқ киім тігіледі. 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Ерлан Ілиясов, кәсіпорын басшысы:

-Құрал-жабдықтар шетелден келген. Италияның құрал-жабдықтары. Олардың мамандары келіп, біздің жұмысшыларды үйретуде. Жоспар бойынша қыркүйектің аяғында іске қосуға үміттенеміз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!