Қостанай облысында жылу тарифі өседі
© Фото: freepik
Қостанай қаласында жаңа жылу тарифі бекітілді, алайда тұрғындар оған сәйкес төлемдерді тек 2026 жылдан бастап төлей бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
kstnews.kz деректері бойынша, бұл туралы "КТЭК" МКҚ директоры Азамат Аужанов мәлімдеді.
"Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №237-НҚ бұйрығымен облыс орталығы тұрғындары үшін жаңа жылу тарифтері бекітілді. Оларды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланған болатын. Алайда 16 қазаннан бастап тарифтерді көтеруге мораторий жарияланғандықтан, жаңа тарифтер бойынша төлемдерді тұрғындар тек келесі жылдың екінші тоқсанынан бастап жасайды", – деп түсіндірді ол.
Тарифтің бастапқы өсуі 30,3% деп жарияланғанымен, фактілік өсімі 14,3% құрайды, оның ішінде:
- халық үшін – 10%;
- басқа тұтынушылар үшін – 15%;
- бюджет үшін – 17,9%.
Ағымдағы жылы кәсіпорын бойынша орташа тариф үш рет қайта қаралып, орта есеппен 10,7%-ға өскен, оның ішінде:
- басқа тұтынушылар үшін – 9,5%;
- бюджет үшін – 36,5%;
- халық үшін керісінше 8,4%-ға төмендеген.
"Жаңа тариф аясында шығындар 2 383,8 млн теңгеге артты, ал сатылым көлемі 32,2 мың Гкал құрады. Тарифтің өсуіне негізгі себептер: сатылым көлемінің ұлғаюына байланысты отынға кететін шығындардың 1 601,7 млн теңгеге өсуі; жеткізушілер бағасының өсуіне байланысты электр энергиясына шығындардың 312,5 млн теңгеге артуы; инвестициялық бағдарлама сомасының 480,3 млн теңгеге қайта қаралуы; жөндеу қорының 306,3 млн теңге көлемінде ұлғайту; салық мөлшерінің 257,5 млн теңгеге дейін артуы", – деп атап өтті Азамат Аужанов.
Қолданыстағы жылу тарифтері деңгейі бойынша "КТЭК" еліміздің өңірлік базалық кәсіпорындары арасында жетінші орында тұр, яғни Шымкент, Атырау, Семей, Талдықорған, Алматы, Ақтөбе қалаларына қарағанда төмен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:56, 9 желтоқсан 2025
Қазақстан отынды заңсыз әкетуге қарсы қорғау шараларын күшейтті
-
13:46, 9 желтоқсан 2025
Қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды
-
12:51, 9 желтоқсан 2025
9 желтоқсандағы валюта бағамы: Астана, Алматы, Шымкент
-
12:43, 9 желтоқсан 2025
Мысырда әйгілі перғауынның қабірі бос болып шықты
-
12:32, 9 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады





