Оралда «Индрайвердің» таксисі жолаушы қызды зорлады
© Сурет: zakon.kz
Орал қаласында "Индрайвер" таксиінің жүргізушісі өз танысымен бірге жолаушы қызды зорлаған, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
3-ші курс студенті көлікке "Сити Центр" сауда орталығының маңынан мінген екен.
Алайда қаскөйлер жолшыбай бағыттан ауытқып, қала сыртына шығып кеткен. Далада бойжеткенді ұрып-соғып, зорлап, одан кейін шаһар шетіндегі "Құс фабрикасы" ауданындағы үйлердің біріне апарып, таңға дейін күштеп ұстаған.
Жәбірленуші үйіне жеткен бойда полиция шақырады.
Полицейлер күдіктілерді сол күні ұстағанымен, оларды куәгер ретінде тіркеп, бостандыққа жіберіпті. Бұл туралы зорланған қыздың қорғаушысы мәлімдеді.
Адвокат Мереке Ғабдуәлиев қылмыстың 8 тамыз күні жасалғанын, 12 тамызда алғашқы сараптама қорытындысы дайын болғанын, қыз зорлағандарды қамауға алуға жеткілікті дәлелдеме базасы болғанын айтады.
Ал полиция департаменті толыққанды ақпарат беруден бас тартып отыр.
Лунара Тілекқали, БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:
Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Міндетті түрде толық ақпарат хабарланатын болады.
Мереке Ғабдуәлиев, адвокат:
Енді сонымен келіспейміз. Ішкі істер департаментінің басшысына біздер жалоба жібердік. Облыстық прокуратураға жалоба жібердік сол туралы. Енді жауабын күтіп отырмыз. экспертиза тағайындалды. Бір экспертиза дайын болып отыр. Сол қыздың үстінде соққан жарақат бар деген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:14, 6 наурыз 2026
Қазақстанда сот-медициналық сарапшыларға компьютерлік томография қолдануға рұқсат берілді
-
09:04, 6 наурыз 2026
Өзбекстан Дубайдағы IT мамандарын өзіне тартуда
-
22:58, 5 наурыз 2026
Алматы әуежайы әйелге тұрақ үшін 128 мың теңге есептеген
-
22:06, 5 наурыз 2026
Артур Смағұлов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті
-
21:40, 5 наурыз 2026
Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбуҗақынова бастаған дзюдошылар Гран-при жарысына аттанды





