Алматыда 8 наурыз қарсаңында гүл сатуға арналған 1150 сауда орны белгіленді
© Фото: Zakon.kz
Алматыда Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге дайындық аясында гүл сатуға арналған арнайы сауда орындары белгіленді. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады.
2004 жылы 12 сәуірдегі №544-II "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімдіктерінің ұсыныстары ескеріле отырып, қала бойынша гүл өнімдерін сатуға арналған 1150 сауда орны анықталды.
Гүл саудасы 6-8 наурыз аралығында қала аумағындағы арнайы бөлінген алаңдарда ұйымдастырылады.
Сауда орнын алу үшін кәсіпкерлер жоспарланған сауда орны орналасқан аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет. Бос орын болған жағдайда кәсіпкерге гүл сатуға рұқсат беретін құжат — меморандум рәсімделеді.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өз бетінше сауда жасауға болмайды. Осыған байланысты кәсіпкерлерден белгіленген талаптарды сақтап, сауданы тек ресми айқындалған сауда орындарында жүргізу сұралады.
Алматы қаласы аудан әкімдіктерінің байланыс деректері:
- Алатау ауданы: Жанқожа батыр көшесі, 26, тел.: +7 (727) 299-84-23
- Алмалы ауданы: Төле би көшесі, 67, тел.: +7 (727) 313-31-02
- Әуезов ауданы: 8-шағынаудан, 4Б үй (Абай БО), тел.: +7 (727) 338-46-05
- Бостандық ауданы: Айманов көшесі, 191, тел.: +7 (727) 274-83-08
- Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2А, тел.: +7 (727) 384-27-60
- Медеу ауданы: Пушкин көшесі, 72, тел.: +7 (727) 291-60-72
- Наурызбай ауданы: Шұғыла шағынауданы, 347, тел.: +7 (727) 308-70-20
- Түрксіб ауданы: Шолохов көшесі, 9, тел.: +7 (727) 221-21-78
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:28, 6 наурыз 2026
Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
-
10:16, 6 наурыз 2026
Қазақстандықтарға жалақы бойынша жүздеген миллион теңге берешек бар
-
10:03, 6 наурыз 2026
Қазақстанда сиыр етін экспорттау мен жұмыртқа импорттауға қатысты маңызды шешім қабылданды
-
09:52, 6 наурыз 2026
БҚО-да полиция мал ұрлығы дерегін анықтап, күдіктілерді ұстады
-
09:47, 6 наурыз 2026
Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды





