Орал соты қала әкімінен ақша өндіріп алған
© Фото: Zakon.kz
Оралда әкімшілік сот қала әкімінен 590 мың теңге өндіріп алды.
Іс бойынша 15 тұрғын "Қала әкімі саяжайдан жер бермеді", — деп екі талап-арызбен сотқа жүгінеді. Сот бірінші істі қарай келе, әкімнің бас тарту туралы шешімі заңсыз екенін анықтайды.
Сөйтіп 7 тұрғынның талабы қанағаттандырылады,деп жазады qazaqstan.tv.
Екінші істе тұрғындар жаңа жер телімін емес, өздері алған жерден қосымша учаске сұрайды. Бұл істе екі талапкердің талабы қанағаттандырылды.
Алайда жауапкер, яғни Орал қаласының әкімі сот шешімін мерзімінде орындамайды. Сондықтан екі іс бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369 мың теңге ақшалай өндіріп алу міндеттелді.
"Әкімдік шешімдері заңсыз деп сотқа жүгінді. Бұл жағдай сот отырысында талқыланып, әкімнің шешімі заңсыз деп танылып, талап-арыз қанағаттандырылды. Сол талап-арыз бойынша қалалық әкім шешімді орындаған жоқ. Сондықтан ақшалай өтемақы өндіру міндеттелді." Альбина Әбілкәрімова, судья
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:12, 28 қазан 2024
Әсет Шонов ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды
-
16:54, 28 қазан 2024
Талдықорғанда мас жүргізуші үш көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кетті
-
16:46, 28 қазан 2024
Итті тірідей өртеп жіберді: Атырауда жануарға қатігездік өрсеткен екі адам сотталды
-
16:41, 28 қазан 2024
БҚО тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды
-
16:35, 28 қазан 2024
Алматы мен Шымкентті тұман басып, Астанада қар жауады деп күтілуде - 29-31 қазандағы ауа райы болжамы