Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

09:42, 29 желтоқсан 2024

© Сурет: yonhap

29 желтоқсанда Jeju Air ұшағы Муан әуежайына қонатын кезде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, ұшақта кемінде 175 адам болған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қатты жылдамдықпен қоршауға соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, барлығы қаза тапқан, тек екі адам адам қалған.

"Ішінде 175-ке жуық жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған ұшақ Бангкоктан қайтып келе жатқан", - деп хабарлады агенттік.

Апатқа ұшыраған Jeji Air Boeing 737 ұшағының бортында Оңтүстік Кореяның 173 азаматы мен екі Таиланд азаматы болған, деп хабарлады Yonhap.

Қазір әуежайда құтқару операциясы жүріп, құзырлы органдар оқиғаның себебін анықтап жатыр.

Yonhap ұшақтың ұшып көтерілген кезде құстармен соқтығысқанын жазды. Бұл шассидің істен шығуына себеп болған.

Президент міндетін атқарушы Чхве Сан Мок тиісті мемлекеттік органдарға ұшақ апатынан кейінгі құтқару жұмыстарын жүргізуге бар күш-жігерін салуды тапсырды.

Видеода құстың Boeing 737 ұшағының қозғалтқышына соғылған сәті көрсетілген.

Муан апаты – Оңтүстік Кореяның ең ірі әуе тасымалдаушысы Jeju Air-дің 20 жылдық тарихындағы алғашқы ұшақ апаты. Компания Boeing 737-800 ұшағын 2017 жылдан бері пайдаланады, оған дейін ол Ryanair компаниясына тиесілі болды.

Сондай-ақ аман қалған 33 жастағы стюардессаның ауруханада жатқаны белгілі болды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ ол қатты күйзеліске ұшыраған. Өртті сөндіруге 80 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Оқиға орнында дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!