Оңтүстік Кореяда зауыт өртеніп, 20-дан астам жұмысшы қаза тапты

20:21, 24 маусым 2024

© Сурет: Yonhap

Оңтүстік Кореяда өртенген батарея өндіретін зауытта 20-дан астам адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap агенттігі 24 маусымда Хвасондағы ARICELL зауытының үшінші корпусында өрт шыққанын хабарлады. Өндіріс алаңында 35 мыңнан астам дайын литий батареялары сақталған. Өрт 4,5 сағаттан кейін ғана сөндірілді. Оқиға орнынан 20-дан астам мәйіт табылды.

Агенттіктің хабарлауынша, қайғылы оқиға орын алған зауытта 23 қызметкер болған: 20 шетелдік азамат және Оңтүстік Кореяның екі азаматы.

Үшінші корпустың бірінші қабатында болған барлық жұмысшы эвакуацияланғаны белгілі. Алайда ғимараттың екінші қабатындағылардың көбісі сыртқа шыға алмай қалған. Корпуста барлығы 67 жұмысшы болған. ARICELL ток батареяларын өндірумен айналысады. Олардың өнімдері ақылды электр желілері мен ақылды есептегіштерде қолданылады. Өртенген корпус 2018 жылы салынған.

Мәскеу облысындағы бұрынғы ғылыми орталықта алапат өрт болды: құрбандар бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!