Онколог қатерлі ісікке әкелетін негізгі факторларды тізіп берді
© Фото: primeminister.kz
Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасының стратегиялық даму, ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары Оксана Шатковская онкологиялық аурулардың дамуына әкелетін негізгі факторларды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 қараша күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жатыр мойны обырын жоюға арналған іс-қимыл күні атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – қоғамның ақпараттануын арттыру және қоғамдық денсаулық саласындағы осы мәселені шешу қарқынын жеделдету.
Оксана Шатковская Қазақстандағы жатыр мойны обырына қатысты статистиканы айтып өтті.
"Жыл басынан бері жатырға мойны обыры бойынша 1368 жаңа науқас есепке алынды. Оның ішінде 83,8%-ы – 1146 әйелде аурудың бірінші және екінші сатысы анықталды, ал қалған 16,2%-ында, өкінішке қарай, ауру өршіп кеткен түрде тіркелді. Солардың ішінде 61 әйелде төртінші саты болды, яғни метастаздары бар. Бүгінде Қазақстанда жатыр мойны обырымен тіркеуде тұрған әйелдер саны 18 мыңнан асады, олардың 11 мыңнан астамы – 5 жыл және одан да көп өмір сүріп келе жатқан, яғни сауығып кеткен немесе тұрақты ремиссиядағы пациенттер", – деді ол.
Ол сондай-ақ бүгінде барлық қатерлі ісіктердің "жасарып" бара жатқанын атап өтті. Алайда заманауи жоғары технологиялық диагностикалық әдістер қауіпті ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
"Бұрын Қазақстанда қатерлі ісіктердің тек 20%-ы ғана ерте кезеңде анықталатын, кей жылдары тіпті 20%-ға да жетпейтін. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық аурулардың 35%-дан астамы ерте кезеңде анықталып отыр. Бұл – өлім-жітімнің азаюына әсер етуде. Иә, біз көбірек анықтаймыз, бірақ сонымен бірге емдейміз, қазіргі емдеу мүмкіндіктері пациенттің өмірін ұзартуға жағдай жасайды", – деп атап өтті Шатковская.
Онколог қатерлі ісікке әкелетін негізгі факторларды да атады.
"Қоршаған орта да өзгеріп жатыр – ол бұрынғыдан агрессивтірек болып барады. Қала болуға ұмтылыс күшейді, айналамыздағы канцерогендер көбейді, тамақтану сипаты өзгерді – табиғи өнімдер азайды. Бұған қоса, стресс те онкологиялық аурулардың дамуына түрткі болуы мүмкін. Сондай-ақ тұқым қуалайтын бейімділік те үлкен рөл атқарады", – деді маман.
Бұған дейін COVID-19-ды өткерген адамдардың қанынан ерекше өзгерістер табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:59, 9 наурыз 2026
Израильдегі отандастарымызды эвакуациялау мәселесін екі елдің СІМ басшылары талқылады
-
17:51, 9 наурыз 2026
Иранның көгінде пайда болған «қышқылды бұлттар» Қазақстанға жетуі мүмкін бе - мамандар жауабы
-
17:41, 9 наурыз 2026
Балшыққа батқан көлік: құтқарушылар далада қалған адамдарды екі тәуліктен кейін тапты
-
17:29, 9 наурыз 2026
«Боран соғып, қар жауады». Сейсенбіде Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:23, 9 наурыз 2026
«Жаңбыр, қар, боран». Еліміз бойынша 10 наурызға арналған ауа райы болжамы





