«Өмірдің үлкен мектебі болды». Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарға алғыс айтты

© Сурет: үкіметтің баспасөз қызметі
Қарағанды облысының экс-әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының тұрғындарына алғыс айтты. Ол бүгін осы лауазымдағы соңғы жұмыс күнін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл үш жыл мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Бірінші кезекте азаматтардың, кеншілердің, металлургтердің, жастардың және ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жұмыс істеуге тырыстым. Алдымызға қойылған міндеттерді шешуде мен әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезіндім, сонымен бірге ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды тыңдадым. Маған танытқан сенімдеріңіз үшін барлығыңызға шынайы алғыс айтамын. Біздің өңірге амандық пен одан әрі өркендеу тілеймін!", - деп жазды ол Facebook-те.
Еске салайық, бүгін, 8 желтоқсанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбекті Астана әкімі етіп тағайындады. Ол мұның алдында Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:44, 7 ақпан 2023
Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланы аман алып қалды
-
00:50, 7 ақпан 2023
Түркияға аттанатын қазақстандық құтқарушылар ауа райына байланысты ұша алмай отыр
-
00:22, 7 ақпан 2023
Атыраулық әйел екі сәбиін сатып жіберген
-
23:37, 6 ақпан 2023
Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің екі құралы қалып қойған
-
23:37, 6 ақпан 2023
Астаналық тұрғынның тісінде дәрігердің екі құралы қалып қойыпты