«Омикроннан» адам геномының бөлшегі табылды

16:59, 6 желтоқсан 2021

© pixabay

Коронавирустың жаңа штаммы

Коронавирустың жаңа штаммымен адамның иммундық жүйесі оңай «тіл табыса" алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кембридж университетінің ғалымдары мутация өкпе немесе асқазан-ішек жасушаларында пайда болған деп болжайды. Себебі онда бір уақытта коронавирус пен SARS-CoV-2 болуы ықтимал. Мұндай сәтте вирустық рекомбинация орын алып, қоздырғыштары әртүрлі фрагменттері бар вирустың көшірмелері пайда болуы мүмкін. Коронавирустың алдыңғы нұсқаларында мұндай ерекшелік болған жоқ .

Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қызметкері Чан Сикхулиле Мойо "омикрон" жануардың денесінде қалыптасып, содан кейін адамға ауысуы мүмкін деген болжам жасады. Ертеректе айтылғандай, "Омикрон" иммунитеті төмен адамда пайда болды деген теорияға ешқандай дәлел жоқ.

Сонымен қатар ғалымдар омикрон штаммының басқа нұсқаларға қарағанда жұқпалы екенін, оның салдары ауыр екені, әлі нақтыланған жоқ.  Ол үшін  бірнеше апта күту қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында омикрон-коронавирус штаммымен жұқтырғаннан кейін қайтыс болғандар туралы мәліметтер әлі жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!