Олжас Бектенов: Экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етілді
© Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов тоғыз айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 4% өсуі мұнайдан тыс секторлардың есебінен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша осы жылдың 9 айында ЖІӨ өсімі 4%-ға жетті.
"Бұл көрсеткіш негізінен ауыл шаруашылығы (+11,4%), құрылыс (+10,1%) және сауда (+6,3%), өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) салаларындағы оң серпінмен қамтамасыз етілген. Аталған кезеңде мұнай өндіру көлемі төмендеп кетті. Мұнай өндіру көлемі төмендеді, бұл ЖІӨ өсу қарқынына теріс әсер етеді. Биылғы жылы экономиканың өсуі мұнай емес сектордың салалары есебінен болып жатқанын атап өту маңызды. Бұл оң нәтиже және экономиканы әртараптандырудың жалғасып жатқан көрсеткіші", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бүгінгі таңда негізгі параметрлер бойынша Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында тұрақты өсімге қол жеткізілді. Ең төмен көрсеткіштер Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді.
"Артта қалған салаларды жеделдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдап, күнделікті мониторинг жүргізу керек. Әкімдіктер өңдеу өнеркәсібін қолдауға, сондай-ақ құрылыс пен сауданы ынталандыруға баса назар аударуы қажет. Мұнда үлкен резервтер бар". Олжас Бектенов
Қаражатты игеру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаржылық тәртіпті күшейту тапсырылды.
"Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың соңына дейін барлық ресурстарды экономиканың сапалы өсуіне жұмылдыруы керек. Қазіргі жағдайда бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осы бағыттағы күш-жігерді еселей түсу қажет. Ол үшін министрліктер мен өңірлер үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі тиіс".Олжас Бектенов
Бұған дейін Қазақстан экономикасының үшінші ай қатарынан өсіп келе жатқандығы белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 желтоқсан 2024
«Боран соғып, қар бұрқасындатады». 22 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде циклон жүреді
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды