Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылар төртінші жарыс күнін қалай аяқтады
© Сурет: Instagram/olympickz
Милан мен Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, бұл күні қазақстандық спортшылардың қанжығасы бос қайтқан.
- Шаңғы жарысы: Спринттік сайыста қазақстандық шаңғышы қыздар – Дарья Ряжко, Анна Мельник, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина – келесі кезеңге өте алмады. Ерлер арасында Виталий Пухкало, Әмірғали Мұратбеков және Наиль Башмаков та іріктеу кезеңінен аса алған жоқ.
- Шорт-трек: Бұл сайыста да Қазақстан құрамасы іріктеу жарыстарынан өте алмады. 500 метр қашықтықта Ольга Тихонова мен Яна Хан сәтсіз өнер көрсетіп, 1000 метрде Денис Никиша ширек финалға шыға алмады. Сондай-ақ, аралас командалық эстафетада да қазақстандықтар жарысты ерте аяқтады.
- Биатлон: 20 шақырымдық жеке жарыста Владислав Киреев 53-орын, ал Асет Дюсенов 74-орын иеленді.
- Фристайл-могул: Ерлер арасында Павел Колмаков іріктеу кезеңінде тоғызыншы орын алып, финалдық раундқа өтті. Ал әйелдер арасында қазақстандық спортшылар үздік 20 спортшының қатарына еніп, финалға өтуге тағы бір мүмкіндік алды.
- Мәнерлеп сырғанау: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады. Оның еркін бағдарламасы 13 ақпанда өтеді.
Бұған дейін шорт-тректен аралас эстафеталық жарыста өнер көрсеткен Абзал Әжіғалиев жарыстан кейін өз әсерін бөліскенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:34, 11 ақпан 2026
Жанармай бағасын өсіруге мораторийді алып тастау мәселесі қаралмайды – Энергетика министрлігі
-
12:23, 11 ақпан 2026
Алматыда полиция қызметкерлері адам ұрлау әрекетін тоқтатты
-
12:16, 11 ақпан 2026
«Соғысты бастан өткерген»: Жапонияның ең қарт азаматы 111 жасында өмірден өтті
-
12:05, 11 ақпан 2026
Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс депутаты қызметінен босатылды
-
11:51, 11 ақпан 2026
12–14 ақпан: Қазақстанның аймақтарында ауа райы қандай болады





