«Соғысты бастан өткерген»: Жапонияның ең қарт азаматы 111 жасында өмірден өтті
© Сурет: longeviquest
Кумамото префектурасының Ямага қаласының тұрғыны Хикару Като Жапониядағы ең қарт ер адам ретінде ресми түрде танылған еді. Ол 8 ақпанда 112 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
LongeviQuest дерегіне сәйкес, Хикару Като 1914 жылдың 2 мамырында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігіне қызметке кіргеннен кейін, Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында әскер қатарына шақырылған.
Ол Тайвань мен Филиппинде қызмет етіп, америкалық әскермен болған шайқастарда жараланған. Кейін Индонезиядағы Тимор аралына жіберілген. Дәл сол жерде Жапонияның жеңілгенін естіп, австралиялық әскер тарапынан қарусыздандырылған. Тұтқында жүріп азық-түлік өсіру арқылы аман қалып, 1946 жылдың мамырында Жапонияға оралған.
Еліне қайтқан соң Като Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінде кеңсе қызметкері болып жұмыс істеп, соғыстан кейінгі кезеңде Жапонияның ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге үлес қосты. Ол 59 жасында зейнетке шыққанға дейін осы министрлікте еңбек етті.
1973 жылы зейнетке шыққаннан кейін қаладағы қарттарға арналған шеберханада қыш өнерінен сабақ берген. Бұл сүйікті ісімен ол 90 жастан асқанға дейін айналысқан.
Сондай-ақ ұзақ жасаған қария жазушылықпен шұғылданып, өз өмірбаянын аяқтаған және 109 жасына дейін жергілікті Кумамото газеттеріне соғыс туралы естеліктерін жолдап отырған. Әр хатында ол соғыстың ешқашан қайталанбауын тілейтінін жазған.
Бұған дейін Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, милиция полковнигі Сәрсенов Қамбар Әмірұлы 102 жасқа қараған шағында дүниеден өткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:56, 11 ақпан 2026
18 жастан кейін МӘМС қалай сақталады – Медициналық сақтандыру қоры түсіндірді
-
13:44, 11 ақпан 2026
Ресейден Қазақстанға екі цистерна және мыңан аса «көніл көтеретін газ» баллонын заңсыз тасымалдаған
-
13:37, 11 ақпан 2026
Астанада 11 ақпанда оқушылардың тағы да бір бөлігі қашықтан оқуға көшті
-
13:26, 11 ақпан 2026
Бұрынғы судьяның қазасына қатысты іс Ресейге берілуі мүмкін
-
13:13, 11 ақпан 2026
Алматы маңында екі көлік соғылып, бір адам қаза тапты





