Олимпиада-2018: Денис Тен қысқа бағдарламада әлсіздік танытты

09:24, 16 ақпан 2018

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхёнчхан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Мәнерлеп сырғанаушы күрделі бағдарлама көрсетпеді.

Денис 30 мәнерлеп сырғанаушының ішінен төртінші болып мұз айдынға шығып, қысқа бағдарламадан 70,12 ұпай жинады. Бұл қола жүлдегер атанған Сочи Олимпиадасында жинаған көрсеткішінен 14 ұпайға аз.

Ертең өтетін еркін бағдарламада жарысты ары қарай жалғастыру үшін Тен осы 30 спортшының ішінен үздік 24 орынға кіруі керек.

Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!