Нью-Йорктегі Уолл-стритте Қазақстан туы салтанатты түрде көтерілді

18:24, 23 қазан 2024

© Сурет: Instagram/advokatzhanna, TikTok/arkenavan

Республика күніне орай Нью-Йорктегі Уолл-стритте Қазақстан туы көтеріліп, Әнұран да орындалды. Айтулы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде бүгін, 2024 жылдың 23 қазанында пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты шараның видеосымен АҚШ-та жұмыс сапарымен жүрген танымал адвокат Жанна Уразбахова желіде жариялады.

"Нью-Йоркте, Уолл-стритте Қазақстан туы салтанатты түрде көтерілді. Шараға қала әкімі мен біздің дипломаттар қатысуда. Патриоттық сезімге кеңелдім", деп жазды ол.


Сондай-ақ, тура осындай видеомен Алматыдан Нью-Йоркке көшіп барған фотограф Аркен Аван да бөлісті. Ол іс-шараға домбыраны күмбірлетіп, ұлттық әндер шырқаған қазақстандық әскерилері мен әртістерін көргенін айтты.

@arkenavan Официальное поднятие флага Казахстана в честь Дня Республики в Нью Йорке #сша #казахстан #алматы #астана #гринкарта #болашак #америка zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!