Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды қашан ауысады

15:52, 23 қаңтар 2020

Алматыда Орталық Азия елдерінің әуе компаниялары басшыларының, соның ішінде Air Astana, QAZAQ Air және SCAT (Қазақстан), AviaTraffic (Қырғызстан), Somon Air (Тәжікстан) және AZAL (Әзербайжан), сондай-ақ ИАТА (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) өкілдерінің екінші дөңгелек үстелі өтті. Оған қатысушылар салада авиацияны дамыту перспективаларын, әуе қатынасы бойынша Еуропалық одақтың стратегиясы мен нормативтік-құқықтық базасы, әуежай алымдары және API-PNR жолаушылары туралы деректер жүйесі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстел барысында қазақстандық авиациялық билік орындары ТМД елдерінде алғаш рет енгізілген "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ құру арқылы саланы реттеудің жаңа тәсілін таныстырды, оған ИАТА өкілдері мен авиациялық сарапшылар оң баға беріп, Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында бірінші болып осындай тәсілді іске асыратынын атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуі өтті, онда 2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежай кодының ауысуы расталған болатын. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілуде.

Бұдан басқа, авиациялық қоғамдастық пен Еуропалық одақтың биліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту ең үздік тәжірибе мен білімді пайдалана отырып, коммуникацияны жақсартуға және авиацияда жалпы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әуе компаниялар аймақтағы API/PNR дамуын, Орталық Азия елдерінде бағдарламаны іске асырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Әуе компаниялар API/PNR енгізу ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін, сондықтан мемлекеттік органдармен қаржыландырылуы тиіс деген пікір білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!