Нұрсұлтан Назарбаев «Аяз атаға хат жаз» жобасын қолдады

19:59, 28 желтоқсан 2016

Бұл туралы Ақорданың Facebook парақшасында хабарланған. Осымен екінші жыл қатарынан Мемлекет басшысы балғындардың арманын орындау мақсатында аталмыш жобаға қолдау білдірді.

Биыл Елбасы павлодарлық Ардақ Шалабаевтың тілегін орындады. Ол Аяз атадан «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет сұраған. Президент 11 жасар Ардақтың арманын жүзеге асырып, Астана қаласында өтетін халықаралық көрмеге 4 билет сыйлады.

Атырау облысы Махамбет ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне ҚР Президенті тігін машинасы және спорттық бұйымдарын сыйлады.

Қызылорда облысы Тасбөген ауылының 6 жасар тұрғыны Нұрислам Серіков те назардан тыс қалмады. Оған Мемлекет басшысы әдеби кітаптар мен «Лего» құрастырмаларын сыйға тартты.

«Қазпочта» АҚ ұйымдастырған «Аяз атаға хат жаз» шарасына хаттар 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданған болатын. 

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобының балаларынан, жетім балалардан және жағдайы төмен отбасылардың балаларынан келген хаттарға басымдылық берілді.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!