Нұрлан Нығматулин Твиттерде жеке парақшасын ашты

11:17, 19 тамыз 2019

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халық арасында танымал әлеуметтік желілердің бірі - Твиттерде @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:

- Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын,-деді Мәжіліс Спикері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!