Нұрдәулет Сүйіндіков жаңа қызметке тағайындалды

16:26, 5 ақпан 2026

© Сурет: Telegram/GenPr

2026 жылдың 5 қаңтарында Бас Прокурордың бұйрығымен Нұрдәулет Сүйіндіков жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратта былай деп жазылған:

"Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды."

Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары Бас прокуратураның бөлім бастығы, Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, Департамент бастығының орынбасары – Бас прокуратураның ресми өкілі, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, Стартегиялық даму департаментінің бастығы, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болды.

Кейінгі екі жыл Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымында қызмет істеді.

Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!