Нұр-Сұлтанның аудан әкімі «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ Басқармасының төрағасы болып кетті

16:35, 18 мамыр 2020

Әділбек Сәрсембаев "Қазақстан инжиниринг" ҰҚ" АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы 25 тамызда Целиноградта дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік басқару" мамандандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек өтілі:

- ҚР Қаржы министрлігінің салық инспекциясының қызметкері (1996);

- Астана қаласы әкімдігінде әртүрлі лауазымдардағы қызметтерді атқарды (2000-2006 жж.);

- ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы (2006-2007);

- Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы (2007-2009);

- "Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (05.2015-2016);

- Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының әкімі (2016-05.2020).

18 мамырда Әділбек Сәрсембаевтың Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданы әкімі қызметінен кететіні белгілі болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!