Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған дүкендер мен дәмханалар жабылды

12:24, 18 мамыр 2020

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзғаны үшін құрылыс компаниялары, дүкендер мен дәмханалар жабылды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді.

Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!