Нұр-Сұлтанда екінші ауысымдағы оқушылар үшін де сабақ болмайтын болды

11:42, 17 қаңтар 2020

Елордада екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

"17.01.2020 жылы ауа-райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды", - делінген Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы таратқан хабарламада.

Алдында ауа-райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылғаны хабарланған.

Ұйытқыған боранның салдарынан айнала көрінбей, Қазақстанда 30-дан астам жол учаскелері жабылды.

Боранға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 14 рейс кешігіп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!