Нұр-Сұлтан. Балабақша ұжымы жаңа меңгерушімен қырқысып жатыр

11:10, 19 маусым 2020
822

Елордадағы мемлекеттік балабақшағы дау. Бір топ қызметкер төтенше жағдай кезінде төленуі тиіс болған үстемақымызды ала алмадық деп шағымдануда. Басшылары кейбір қызметкерді негізсіз жұмыстан шығарып жіберген көрінеді. Алайда, осы лауазымға жуырда ғана келген меңгеруші бұл қып-қызыл жала, бәрі заң аясында істеліп жатыр дейді. Оның сөзінше, жұмысты дұрыс жолға қою үшін жасап жатқан шаруалар ұжымдағылардың кейбіріне ұнамай жатқандықтан осылай даурығуда екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елордадағы мемлекеттен қаржыландырылып отырған балабақшалардың бірі. 2013 жылы ашылған мекеменің кейбір қызметкерлері жаңа меңгеруші келгелі проблемалар басталғанын айтады. Кейбірін негізсіз жұмыстан шығарып жіберген көрінеді. Ал, карантин уақытында жалақымызды жырымдап берді дейді.

Гүлмира Әбенова, №71 "Мөлдір" балабақшасының бас аспазы:

"Төрт ай болды, мына кісі келгеніне. Никакой. Только давление. Бірдеңе деп айтсаң, "пиши объяснительную", бірдеңе деп айтсаң, "пиши объяснительную". Төрт айдың ішінде объяснительныйдан көзімді ашпаймын. Я сейчас не удивляюсь. Я сейчас в отпуске. Ертең келемін отпускыдан, мне скажут вы уволены".

Ал, осы балабақшада 3 жыл еңбек еткен Гүлзайра Жабағина, отбасылық жағдайға байланысты 3 күнге сұранамын деп, жұмысынан айырылғанын айтады.

Гүлзайра Жабағина, №71 "Мөлдір" балабақшасының бұрынғы қызметкері:

"2017-ден бастап қоймашы қызметін істеп жатырмын. Бірақ, кешегі күні мені заңсыз өзінің астыртын әрекетімен, жұмыстан босататын бұйрық шығарып, сол бұйрығымен таныстырды. Бірақ, ол бұйрықтың шығуына негізгі себеп болып тұрған, мен өзімнің үйім сносқа кетіп, көшіп-қонуыма байланысты 3 күнге кәсіподақта белгіленген үш күнімді алған болатынмын. Бастық, өзі ауызша рұқсат берген. Жұмыстан сұранғаның дәлелсіз деп, жұмыстан босатып отыр мені".

Алайда, мекемеге келген барлық баланың күнделікті дене қызуын өлшеп, денсаулығын қадағалайтын медициналық қызметкер шағымданушылардың сөзінде еш негіз жоқ, - дейді. Жаңадан келген басшы тәртіп орнатып, күні-түні тынбай еңбек етіп жатыр екен.

Динара Мұхамеджанова, №71 "Мөлдір" балабақшасының медициналық қызметкері:

"Көріп жүргенім, басшы жаңадан келді деп, мына жерде істеп жатқан тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшілері, өздері бір бөлек, бір арандатушылық жүріп жатыр. Білмеймін, бір-бірімен келісіп алған ба? Сондай бір обстановка кіргеннен көрініп тұр. Енді, басшыны көріп тұрмын қалай жұмыс істеп, жанын беріп жатқанын, жаңадан келген кісі тем более. Өзі жалғыз өзі осы жерге бүкіл күшін салып жатыр. Выходнойларда да осы жерге келіп, жұмыс істейтінін көрдім".

Мекемені қаңтардан бері басқаратын меңгеруші бұл айыптауларың ешқайсымен келіспейді. Оның сөзінше, бұл дауды санаулы қызметкерлер шығарып жүр екен. Өйткені, оларға өзінің заң аясында орнатып жатқан тәртібі ұнамай жатқан көрінеді. Ал жұмыстан шыққандар Еңбек кодексіне сәйкес, өз еркімен кетіпті. "Білдей бір ұжымға басшы болғасын бар жауапкершілік менде. Ал бала тәрбиесіне қатысты мәселеле еш босаңсуға болмайды. Менің атқарып жатқан жұмыстарымды ата-аналар қолдап отыр" деген ол, қандай шешім қабылдасам да заң шеңберінен аспадым дейді.

Жанар Жүсіпәлиева, "Мөлдір" балабақшасының меңгерушісі:

"Карантин кезінде барлық қызметкерлердің жалақысы сақталып, ешқандай да үстемелерсіз ақшалары төленді, яғни, осы күнге дейін қанша жалақы алып келсе, сол жалақысы толығымен төленді. Бұл шағымдардың жауабын тек қана арнайы құзіретті органдары ғана дәлелдеп жауабын, яғни дәлел қағаздарын бере алады деп айтамын".

Меңгерушінің айтқанын қалалық білім басқармасындағылар да растады. Тәрбиешілерге үстемақы мен сыйақылар төтенше жағдай кезінде төленбейді екен. Себебі, заңда солай көрсетілген. Балабақша жабық болған уақыттағы еңбекақының өзін кәсіподаққа мүшелікке өткен жұмысшылар ғана алуға құқылы көрінеді.

Жаңыл Қылышбаева, қалалық білім басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы:

"Карантин уақытында қызметкерлер мен кәсіподақ ұйымының мүшелеріне айлықтары үстемақылары мен сыйақыларын қоспағанда толық көлемде төленіп келді. Кәсіподаққа мүше емес жұмысшылар еңбек етпеген уақытта 42500 теңге, яғни ең төменгі жалақы алып жүрген".

300 балаға шақталған "Мөлдір" балабақшасында бүгінде 60-қа жуық қызметкер еңбек етеді. Олар бірнеше ауысымда сәбилерге тәлім-тәрбие береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір