Nur Otan Нұр-Сұлтан филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
© Сурет: Nur Otan
Дәулет Кәрібектің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол — 39 жастағы Сақтаған Сәдуақасов.
Сақтаған Сәдуақасов 2004 жылы Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетін, 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітерген.
С.Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінің маманы лауазымынан бастады, онда 2009 жылға дейін жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында жұмыс істеді. Сондай-ақ әр жылдары Nur Otan партиясының орталық және қалалық филиалында түрлі лауазымдарда, оның ішінде Nur Otan партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Сақтаған Сәдуақасов меритократия қағидатына сәйкес маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті. Nur Otan партиясы елордалық филиалының төрағасы, елорда әкімі Алтай Көлгінов Сақтаған Садуақасовтың алдына партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын табысты іске асыру бойынша бірқатар міндет қойды.
Бағдарламаға 13 негізгі басым бағыт кірді: жеңілдікті қолжетімді тұрғын үй, оқу орындары, медициналық орталықтар салу, газдандыруды жүргізу, тұрғын үй алаптарын, жол-инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ШОБ-ты қолдау және т.б.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады