Нукеновтар отбасының адвокаты шұғыл түрде қазақстандық әйелдерге үндеу жасады
© Сурет: Instagram/advokatzhanna
4 ақпанда Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні өтті. Осыған байланысты адвокат Жанна Уразбахова елдегі онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітім бойынша сандарды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адвокат ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстанның 5600 әйелінде сүт безі обыры анықталған. Бұл қатерлі ісіктің ең жасырын түрлерінің бірі, ол үшінші кезеңге өткенге дейін ешқандай белгі бермейді. Бұл кезде метастаздар басқа органдарға таралады.
Бұдан бөлек, онкологтар 1237 әйелде аналық без обырын анықтаған. Ал, жатыр денесінің қатерлі ісігі 1321 әйелде табылды.
"Жатыр мойны обыры 1921 әйелде анықталды, бірақ оған қарсы вакцина бар, ол аурушаңдық қаупін 90% төмендетеді. Өткен жылы Қазақстанда 11 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарды АПВ-ға тегін егу басталды, алайда осы жастағы қыздардың тек 13%-ы ғана екпе алды. Бұл вакцина жыныстық дебютке дейін егілуі керек және мыңдаған әйелдерді қатерлі ісіктің ең жасырын түрінен құтқара алады, бұл аурудың пайда болу қаупін 90% төмендетеді", – деді Жанна Уразбахова.
Сондай-ақ, ол өлім статистикасын келтірді: 1033 әйел сүт безі қатерлі ісігінен қайтыс болды. Жатыр мойны обырынан – 468 әйел. Аналық без қатерлі ісігінен – 488 әйел. Жатыр денесінің қатерлі ісігінен – 218 әйел.
"Бұл әйелдердің барлығы біреудің анасы, әйелі, қызы. Олар өмір сүруді, саяхаттауды, балаларының үйлену тойын көруді, немерелерін иіскеуді армандады", – деді адвокат мұңайып.
Ол Қазақстанда диагностикалық, емдік процедуралардың және химотаргеттік терапияның барлық спектрі бар екенін еске салды. Қорытындылай келе ол әйелдерді тексеруден өту арқылы өздеріне қамқорлық жасауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 6 наурыз 2026
Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды
-
22:05, 6 наурыз 2026
Абай облысында қос азаматтығы бар үш адам анықталды
-
21:58, 6 наурыз 2026
ТЖМ қар көшкінінің өздігінен түсуі туралы ескертті
-
21:58, 6 наурыз 2026
Қазақстанның ТЖМ қар көшкінінің өздігінен түсуі туралы ескертеді
-
21:16, 6 наурыз 2026
СІМ Қазақстан азаматтарына 15 елге бармауды қатаң ескертті





