«Нипах» вирусынан сақтану жолдары
© Фото: pixabay
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Оңтүстік-Шығыс Азияға баруды жоспарлаған отандастарымызға сақтық шараларын қатаң ұстану керегін ескертеді.
Себебі "Нипах" вирусы адамға өте қауіпті, деп жазады qazaqstan.tv.
Мамандар жеке бас гигиенасын сақтауды, яғни қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану керегін, тек ауыз суды пайдалану, шикі құрма шырынын ішпеу және жануарлармен ластануы мүмкін өнімдерді тұтынбау, сондай-ақ, жеміс-жидек пен көкөністерді әрдайым жуып, қабығын ашып жеу керегін айтады.
Вирус белгілері: жоғары температура, жөтел, қатты бас ауруы — мұндай жағдайда шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет.
Айта кетейік, бұл вирус осы айдың басында Үндістанның Батыс Бенгал штатында екі адамнан табылды.
Дегенмен, олармен байланыста болып, карантинге жабылған 196 тұрғыннан қауіпті вирус анықталмады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, "Нипахтың" әлемге таралу қауіпі төмен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:28, 5 ақпан 2026
50 жастан бастап өмір бойы төленетін зейнетақы: қалай алуға болады
-
10:16, 5 ақпан 2026
Димаш Құдайберген өзінің жаңа жобасы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді
-
10:08, 5 ақпан 2026
Қыруар қаржы, Lamborghini мен үйқамақ: ҚМА блогер Жанәбіловтардың ісі бойынша мәлімдеме жасады
-
09:54, 5 ақпан 2026
Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қосымша каникулға қашан шығады
-
09:46, 5 ақпан 2026
Интернет-платформа операторының өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен есеп айырысу кезінде қандай міндеттемесі бар





