Интернет-платформа операторының өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен есеп айырысу кезінде қандай міндеттемесі бар
© Фото: unsplash
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мамандары "Халық бухгалтері" акциясы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне байланысты маңызды мәселенің біріне тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Интернет-платформа операторының салық агенті ретінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен өзара есеп айырысу кезінде туындайтын міндеттемелері қандай?
Салық кодексінің 720-бабының 1-тармағына сәйкес жеке табыс салығының (ЖТС) сомасын есептеу салық салу объектісіне 0 пайыз мөлшерлемені қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимі (АСР) бойынша жеке табыс салығының (ЖТС) мөлшерлемесі – 0%, ал әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемесі – 4% (МЗЖ – 1%, ӘӘЖ – 1%, МӘМС – 1%, ЖЗЖҚ – 1%)
Осылайша, 2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар жеке табыс салығын (ЖТС) төлемейді.
Салық кодексінің 721-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, интернет-платформа операторы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын және интернет-платформаны пайдалана отырып қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың табыстарынан тек әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу және аудару бойынша салық агенті болып табылады (себебі ЖТС =0).
Бұл ретте, интернет-платформаны пайдаланбай алынған табыстар бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолданатын тұлғаның өз тарапынан дербес орындалады.
Бұған дейін салықтық есептілік нысанын кері қайтарып алу, шегерімдер, ЖК есептілік нысандары жайлы нені білу керектігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:55, 5 ақпан 2026
Оңтүстік өңірлерде күріштің көлемі қысқарады
-
11:45, 5 ақпан 2026
Ресейлік турист Таиландта клиникалық өлім жағдайын бастан өткерді
-
11:38, 5 ақпан 2026
Абай облысында полиция қызметкері тұрғындарды өрттен құтқарды
-
11:27, 5 ақпан 2026
5 ақпандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:15, 5 ақпан 2026
Қазақстанда ҮЕҰ туралы жеке заң әзірленуде





