Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

17:33, 3 қазан 2026
MKZ: 1570332

© Сурет: olympic.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Нилуфар Раимова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!