Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 18 жастағы жігіт асулы күйінде табылды

19:26, 2 қазан 2026
MKZ: 1570227

© Фото: zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 18 жастағы жігіт асулы күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

YK-news.kz басылымының мәліметінше, осы үйдің тұрғындары аталған оқиғаның куәсі болған. Олар көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан жас жігіттің асулы күйіндегі денесін тапқан.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ұйықтап қалып, жазатайым оқиға орын алғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!