Назарбаев пен Сауд Арабиясының королі бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын талқылады
Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін танытты.
Атап айтқанда, атом және баламалы энергетика саласындағы, сондай-ақ Қазақстанда мұнай мен газды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар әлемдік мұнай нарығындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, мұнай экспорттаушы елдер рөлінің маңызды екенін атап өтті.
Екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады