Назарбаев Иран президентіне әуе апатына байланысты көңіл айтты

10:27, 19 ақпан 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ирандағы жолаушылар ұшағы апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған ұшақ апатқа ұшыраған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!