Наурызнама: Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз –думан» мерекелік керуені жүріп өтеді

11:50, 19 наурыз 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

19 наурыз 2024 жылы Алматы әкімдігінің мәліметінше, 21 наурызда Алматыда Наурызнама аясында театрландырылған керуен жүріп өтеді. Оған батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы 1000-нан астам адам қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары арбадағы киіз үйді, қыз күймесін, қоржынға жібек маталар мен кілемдер артқан түйелерді, ат үстігдегі батырларды, құмай тазылар мен мергеншілерді, жалпы жеті қазына нышандарын көре алады.

"Көш. Наурыз – думан" мерекелік керуені 21 наурыз күні сағат 10:00-де басталып, Абай даңғылының бойымен, батыс бағытта Достық даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін, одан кейін Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта Астана алаңына дейін жүріп өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!