Нариман Құрбанов Словениядағы Challenge Cup кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

18:00, 29 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінің алғашқы іріктеу күні аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,900 ұпай жинап, финалдық кезеңге бірінші орынмен шықты.

Зейнолла Идрисов та медаль үшін сынға түседі. Іріктеуде ол төрешілердің шешімімен 14,266 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Сақиналардағы жаттығуда Роман Маменов 13-орынмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, турнирдің финалдық бәсекелері 30 мамырда басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!