Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін – 1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

15:39, 30 маусым 2022

© Сурет: unsplash

Синоптиктер Қазақстанда 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды: республикада найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды учаскелер әсерін сақтайды, соған байланысты ауа райы құбылмалы болады: батыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшейіп, түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша, күндіз Алматының солтүстігінде, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорданың басым бөлігінде, Алматы, Абай облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағандының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады,  – деді синоптиктер.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!