Мұнай құнының өсуі аясында жалақы көтеріледі ме - Бозымбаев қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2026 жылғы 20 наурызда Үкіметтегі брифингте мұнай бағасының өсуіне байланысты жалақының көтерілу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол мұнай-газ компанияларының табысы айтарлықтай артқанын растады.
"Бір кездері Ұлттық қорды құру туралы шешім қабылданған және түсетін кірістердің басым бөлігі сонда жинақталады. Республикалық және жергілікті бюджеттер де бұдан ұтады, өйткені кейбір компаниялар экспорттық баж салығын төлейді. Бірақ әзірге нақты қорытынды жасауға ерте, себебі Таяу Шығыстағы жағдайды бәріміз бақылап отырмыз. Егер ол реттелсе, мұнай бағасы қайтадан төмендеуі мүмкін", – деді Бозымбаев.
Сонымен қатар, вице-премьер артық қаржы болған жағдайда оның бюджетке түсіп, жалақыға да әсер етуі мүмкін екенін айтты.
"Компаниялар көбірек табыс тапса, қызметкерлердің жалақысын көтеруі мүмкін. Сонымен қатар бюджеттер салық түсімдері есебінен толығады. Сол кезде жалақыны индексациялау туралы шешім қабылдануы мүмкін", – деп қосты ол.
Бұған дейін Алатау қаласын Сингапур мен Дубай тәжірибесі негізінде дамыту жоспарлануда екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:21, 20 наурыз 2026
Жамбыл облысында көлігінің нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші анықталды
-
17:41, 20 наурыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 21-25 наурыз
-
17:41, 20 наурыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 21-25 наурыз
-
17:33, 20 наурыз 2026
Қазақстанда 21 наурызда антициклон әсерінен жауын-шашын аз түседі
-
17:20, 20 наурыз 2026
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды





