Мұхтар Тінікеев «АрселорМиттал Теміртау» инвесторының ауысу ықтималдығына қатысты түсініктеме берді

© Сурет: gov.kz
Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев Еңбек күніне арналған форумның аясында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының инвесторы ауысуы, оның орнын ресейлік "Северсталь" компаниясы басуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұхтар Тінікеев бір ай бұрын "Қазақстан" шахтасының кеншілерімен кездескенін жеткізді.
"Ресейлік "Северсталь" компаниясы келеді деген сыбыс шыққанда, шынымды айтайын, кеншілер қазір ешкімге сенбейді, олар айына екі рет жалақы, үстемеақы алуға дағдыланған, бірақ бұл инвестордың кезінде қалай болады, ол жағы белгісіз, оның үстіне бұл компания шахталармен ешқашан жұмыс істеп көрмеген", - деді ол.
Ол кеншілер бұл жайтқа алаңдаулы екенін, жаңа инвестор келгенде өз жұмыс орындарын сақталып қалатындығына қатысты қоятын сұрақтары бар екенін де айтады.
"Кеншілерді алаңдататын бірнеше мәселе бар. Мысалы, осы сегіз шахта сақталып қалады ма? Кенеттен олар тек екі шахтаны қалдырып, қалғанын қысқартып жібермейді ме?". Біз бәрін біліп отырмыз, олар санкцияда, мұндай жағдайда металды өздерінде балқытып, бірақ оны нарыққа қазақстандық деп ұсынады ма? Кеншілер ортасында осындай сұрақтар туындауда", - деді Мұхтар Тінікеев.
18 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімдігі АМТ-ның ресейлік "Северстальға" өтуі туралы қауесетке түсініктеме берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 17 наурыз 2025
Көктем басталып, Қазақстанда коронавирус қайта бой көрсете бастады ма
-
22:48, 17 наурыз 2025
Полиция майоры қаза тапты: Петропавлда жолдағы қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берілді
-
21:28, 17 наурыз 2025
ХОК боксты 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосуды ұсынды
-
21:22, 17 наурыз 2025
Спорттық жүрістен АЧ-2025: Қазақстандық жеңіл атлеттер екі медаль иеленді
-
21:14, 17 наурыз 2025
Қазақстанды көлікпен араламақ болған шетелдік турист батпаққа батып қалған