Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болды

20:34, 18 қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18 қыркүйектегі Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол алдында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын" делінген Жарлықта.

Алдында ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов болған. Ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып кетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!